Бастауыш бірлестігінің онкүндігі
Сабақ: әдебиеттік оқу | Мектеп: №15 мектеп - гимназиясы | |||||
Күні: 27.02.2019 | Мұғалімнің аты – жөні: Тойшыбекова Г.Б. | |||||
Сынып: 4 «А» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру, ана мәтінінің мазмұнын ашу және анаға деген сезімін жеткізуге жол ашу. | |||||
Бағалау критерийлері | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқи алады. Пәндік лексика және терминология: | |||||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны Көптілдік: ана – мама - mother | ||||||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы | ||||||
Талқылау сұрақтары: Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі толғанысын, тебіренісін сезіндің бе? | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, құрмет, достық | |||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, музыка, өзін - өзі тану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, компьютер | |||||
Бастапқы бөлім | Шыбық әңгімесі | |||||
Жоспар | Сабақ барысы : | |||||
Жоспарланған уақыт есебі | Сабақта жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||
Басы 2 мин 2 мин 5 мин | Сәлеметсіздер ме оқушылар! Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр . Сабағымызды бастамас бұрын сәлемдесіп алайық
Оқушылардың сәлемдесуі Сыныптас біз ұл - қыздар - Жақсы. Онда сабағымызды бастайық. Сәттілік тілеймін! Мақсаты: көңіл-күйлерін көтеру Топқа бөлу Оқушылар үстел үстінде тұрған көбелектерді таңдайық, көбелекті алып, гүлдерге қондырайық. Енді орнымызға жайғасайық. Отырып болған соң топ басшысын тағайындап алыңдар. Топ басшысын сұқ бармақ арқылы көрсетеді. Сол топ басшысы болып сайланады. I топ- бәйшешек II топ– түймедақ III топ– бақбақ IV топ– жауқазын Үй тапсырмасы Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Кезекші есебі тыңдалады. Үйге Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі және «Шыбық» мәтінін оқып мазмұнын айтып келуге берілді . Еңбекке байланысты мақал- мәтелдер жазып келу. Онда үй тапсырмасын сендерден сұрауға тілшіміз келіп отыр, сіздерден сұхбат алып өтсін. «Сұрақ – жауап»
Мұғалім үй тапсырмасын қорытындылау. Сонымен біз бүгін сендермен Сансызбай Сарғасқаев жайында мәліметтерді толықтырдық. Шыбық мәтінін өзімізге қатысты көптеген мәліметтер алдық деп ойлаймын. | |||||
Ортасы 20 мин | Жаңа сабақ Оқушылар қазір сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, қанеки жауабын бірге табайық. Арықта бар, Ас біткеннің анасы, Аюда бар, Ана Түйінді сөз Балалар мен бүгінгі сабағымызды мына сөзбен бастайын деп отырмын Ана –жүрек, жүректі құдіретте. Ана –тірек, тіректі құрметте, Ана-шының, шыныңа сағынып жет. Ана –күнің , күніңе табынып өт. Балалар мен кім жайында сендерге айтып өттім -Ана туралы айттыңыз Бүгінгі сабағымыз ана тақырыбында болады. Балалар бұл мәтінді Баубек Бұлқышев жазған екен ендеше жазушы өмірімен қысқаша танысайық. Баубек Бұлқышев (1916 – 1944) небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болған, аға лейтенант болды. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Мәскеу әскери училищесінде оқыды. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. «Ауылдан Алматыға» әңгімесі, «Балалық шақ» поэмасы, «Есімізде қанды жорықтар», «Алматы менің туған қалам», «Заман біздікі» т. б. туындылары бар. Оқулықпен жұмыс Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқытамын. Талдау. Ой бөлісу. монолог оқып жарысатын боламыз. Бағалау дескрипторы 1. Дауыс ырғағы 2. Әртістік шеберлігі 3. Сахнада өзін-өзі ұстауы Жағдаят видео «Ана құшағында" Сергіту сәтіАна әнін орындату топпен (2 мин) Топпен жұмыс Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада Ананың сүті—бал, баланың тілі-бал Анаңа ауыр сөз айтпа атыңа ауыр жүк артпа Ана сүті бой өсіреді ата тілі ой өсіреді "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың" "Анасыз өмір — сөнген көмір Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады "Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон тішер" Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды Ананың ізін қыз басар,атаның ізін ұл басар I – бәйшешек 1 шумақ өлең құрастыру --------------------------- анасың. -------------------------- панасың. ---------------------------баласын, ---------------------------анашым. II – түймедақ Ана туралы эссе III – бақбақ Сурет салу IV – жауқазын Бес жолды өлең Зат есім:___________ Cын есім: __________ Cөйлем:_____________ Синоним: ___________ | |||||
Соңы 3 мин | Сабақты бекіту Анализ жасау Қазір барлықтарыңызға ашық хаттар таратамын. Ашық хаттың ішіне аналарыңа мадақтау сөздер жазыңыздар. | |||||
Үй тапсырмасы 3 мин | «Ана» мәтінін түсініп оқу, жаттау. «Сүйікті анашым» тақырыбында сурет салу. | |||||
Бағалау 5 мин | Бағалау парағы арқылы бағалау
| |||||
Қосымша мәліметтер | ||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Білім жолы, кері байланыс арқылы. Түрлі топтық және жұптық жұмыстар арқылы. Қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделірек береміз. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Дұрыс отыру, интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс істеу. | ||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландың? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім? | ||||||
Пән мұғалімі: Тойшыбекова Г.Б
Бірлестік жетекшісі: Мадешова Н.А
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:Алимжанова Ж.Б